НҰР-СҰЛТАН. Bairaq.kz – Жексенбі, 14 шілдеде Неапольде 2019-Дүниежүзілік Универсиаданың жабылу рәсімі өтті. Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Bairaq.kz тілшісі
Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. Бүгін Италияның Неаполь қаласында жазғы спорт түрлерінен Универсиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Қазақстан құрамасы әлемдік жарысты жеті медальмен аяқтады деп хабарлайды Olympic.kz. Универсиаданың соңғы жарыс күнінде су добынан ерлер арасындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Италия мен АҚШ командасы алтынға таласса, Ресей мен Венгрия қола жүлдегер атануға тырысады. Қазақстан атынан Универсиадада 94 спортшы бақ сынады. Турнир қорытындысы бойынша біздің команда жеті медаль жеңіп алды. Жалғыз алтын жүлдені дзюдодан абсолютті салмақта сынға түскен Ғалымжан Қырықбай иеленді. Бес спортшымыз жеңіс тұғырының екінші сатысынан көрінді. Гимнастар Нариман Курбанов пен Милад Карими, жеңіл атлет Михаил Литвин, таеквондошы Смайыл Дүйсебай және стенд атушы Зоя Кравченколардың еншісінде күміс жүлде бар. Сәрсенкүл Рысбекова стенд атудан қола жүлдегер атанды. Жалпы есепте Қазақстан 25-ші орында.
Арайлым Мелдешова
Басып шығару