Mazir
28 июл 19:52korilim:817 Sport / Onir tynysy

Тұрсынғали Еділов: Біздің боксшылардың көздерінде от жоқ


Әуесқой бокстан Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтиже көрсеткен бапкер Тұрсынғали Еділовтен Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктер жайлы пікірі білдірді.

Бұл туралы Bairaq.kz exk.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бапкердің айтуынша, бес жігітті Азия чемпионатына апармау керек еді. 

Бұған дейін Дубайдағы Азия чемпионатына апармау керек еді деп айтқанмын. Өйткені бесеуі финалда жеңілді. Ол жігіттердің барлығы — жүлдеден үміткер боксшылар. Дәл Токионың қарсаңында мұндай жеңіліс психологиялық ауыр соққы болды. Ешқандай маңызы жоқ, лицензиялық емес құрлық біріншілігіне негізгі құрамда жібергеніміз, қалай десек те, дұрыс емес, - деді бапкер.

Еділовтің айтуынша, боксшылар әбден шаршаған. Себебі, оларды оларды жыл бойы оқу-жаттығу жиындарына апарып зорықтырған.
Боксшылардың әбден сілікпесі шыққан. Өйткені оларды жыл бойы оқу-жаттығу жиындарына апарып зорықтырған. Жыл басында құрама екіге бөлінді. Бір бөлігі АҚШ-қа, екінші жартысы Кубаға кетті. Одан кейін көктемде Кисловодскіге барды. Жарыс жоқ, тек шет мемлекеттерде оқу-жаттығу жиындары өте берген соң, балалар шаршаған. Көздерінде от қалмаған. Құлшынып тұрған ешкімді көрмедім. Арасында кейбіреулерін кәсіпқой бокстың рингіне де шығарды.

Орыстар "Лучше не добрать, чем перебрать" дейді ғой. Сондықтан күшті соңына дейін сарқып бітіргенше, бірдеңе қалдырған дұрыс еді, - дейді ол.

Тұрсынғали Еділов алаңға шыққан боксшылардың барлығының жекпе-жегін қарағанын айтты. Сондай-ақ боксшылардың көзінен от көрмегенін де жеткізді.

Осыған дейін шаршы алаңға шыққан боксшылардың барлығының жекпе-жегін қарадым. Абылайхан мен Василий бірінші рет қатысып отырған жоқ. Тәжірибесі бар. Жарайды, Теміржановта шеберлік жетіспеген болар. Ал қалғандарының себебі жоғарыда мен айтқандай жағдай.

Абылайхан — Абай бокс мектебінің түлегі. Әрине, жеңілген соң, небір сылтау, небір ақыл айтылады.Біреуі қорғаныс дұрыс емес, біреуі соққысы мардымсыз дегендей. Барлық пікір сай келетіндей көрініп тұрады. Бірақ ең бастысы боксшыда сезім жоқ. Біздің боксшылар әбден тойған, көздерінен от көрінбейді. Яғни рингті көргісі келмейді. Психологиялық қысым көп. Үнемі оқу-жаттығу жиындарын өткізе берген жарамайды. Жекелеген қателікпен боксшылар үйде жұмыс істеуі керек. Ал үйде қашан уақыт болады? Бір-екі күнге келеді, отбасыларын көріп, қайтадан кетеді, - дейді Еділов.
Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15