23 қараша күні Ақтөбеде жүзуден Қазақстан чемпионаты басталды. Біріншілікке еліміздің 14 өңірінен 16 команда қатысып жатыр.
«Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында турнир көрерменсіз өтуде. 23-27 қараша аралығында әйелдер арасындағы жеңімпаздар анықталды. 27-29 қарашада ерлер сынға түседі. Қатысушылардың барлығы коронавирусқа арнайы тест тапсырып, бәрі теріс нәтиже көрсеткен. Бұл чемпионат қазақстандық спортшылар үшін 2020 жылғы соңғы жарыс болмақ. Елдегі және әлемдегі ахуалға байланысты бұдан былай турнирлер өткізілмейді», - дейді су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Сергей Дроздов.
Бүгін Қазақстан командасының үздігі, Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландин жарысты бастайды. Сондай-ақ, қатарда Азия ойындарының жүлдегерлері Әділбек Мусин, Александр Варакин мен Әділ Қасқабай бар.
Басып шығару