Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды

  • 22 июл, 14:07
  • Көрілім: 881
BAIRAQ.KZ - 21 шілде күні Иорданияның Амман қаласында таеквондодан жастар арасындағы Азия чемпионаты басталды деп хабарлайды bairaq.kz тілшісі Olympic агенттігіне сілтеме жасап  Құрлықтық додаға 28 мемлекеттен келген 385 спортшы қатысуда. Олардың қатарында қазақстандық спортшылар да бар. Жарыстың бірінші күнінде қазақстандық спортшылар екі медаль жеңіп алды. 52 келідегі Балнұр Спабек пен 68 келідегі Нұрриза Тұрарова жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. 
Сондай-ақ, төрт спортшымыз алғашқы бестікке енді. Бүгін тағы 10 таеквондошы жарысты бастайды.
 
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру

Пікірлер - 7