Аса ауыр салмақ бойынша әлем чемпионы, британдық Энтони Джошуа ресейлік Александр Поветкинді нокаутпен ұтты. Өзіне тым сенімді Поветкин жекпе-жекті белсенді бастаған. Тоқсан мың адам сыятын "Уэмбли" стадионы Джошуаның тілеуін тілеп, іштен тынып отырды. Өйткені бірінші раундта Поветкин Джошуаны бір теңселтіп алды, екінші раундта британдықтың танауынан қан кетті.
Үшінші раундтан бастап екеуі теңесе бастады. Алма кезек соққы, жан аяспай сілтесу... Жетінші раунд Поветкиннің тағдырын шешті. Шықшыттан тиген ауыр соққыдан есін жия алмаған ресейлік боксшыны Джошуа төпеп тастады.
Басып шығару