30 қаңтарда қазақстандық журналист Жасұлан Көжеков Анталияда қайтыс болды. Бұл туралы оның туыстары мен әріптестері хабарлады.
Ол Түркияға бірнеше жыл бұрын көшіп келген.
Жасұлан Көжеков 1969 жылы туған. Атырау мемлекеттік университетін бітірген. Әріптестерінің айтуынша, 90-жылдары Көжеков Атырауда өзекті әлеуметтік-саяси проблемаларды көтерген «Atyrau Today» тәуелсіз басылымын ашты. Кейінірек басылым тоқтап қалды. 2009-2011 жылдар аралығында «Азаттық» АҚ Атырау облысындағы меншікті тілшісі болды. 2010 жылы ол «Орталық Азиядағы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы адам құқықтарын қорғау» жобасының аясында Соғыс және Бейбітшілік туралы репортаж институты (IWPR) құрған жүлдені жеңіп алды.
Сонымен қатар, ол мұнай-газ саласы туралы аналитикалық мақалалар жазды.
Басып шығару