Еуропалық Одақ Қазақстаннан шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайын. Бұл туралы Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакала ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновпен кездесуінде мәлім етіп отыр.
«Агенттіктің еуропалық серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелерінде ашықтығы мен дайындығын ерекше атап өткім келеді. Біз өз тарапымыздан Қазақстаннан Еуропаға шығарылған активтерді қайтару туралы сұраныстарға қолдау көрсетуге дайынбыз», - деп атап өтті Тери Хакала.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновтің Орталық Азия бойынша арнайы өкіл Тери Хакала бастаған Еуроодақ делегациясымен кездесуі барысында Антикор басшысы 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Атап айтқанда, тараптар заңсыз баю үшін заңнамалық жауапкершілікті енгізу және кірістер мен шығыстарды жалпыға бірдей декларациялау мәселелерін талқылады.
Бизнесті қорғау мәселелері де талқыланды. Еуропалық әріптестер елдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының екпінін оң бағалап, ГРЕКОның Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары мен озық тәжірибелеріне сәйкестігіне ұмтылысын атап өтті.
Дамудың маңызды векторы Қазақстанның сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы Еуропа Кеңесінің Конвенциясына қосылуға дайындығы аталып өтті.