Катар астанасы Доха қаласында Еуропалық одақ пен «Талибан» ұйымы мүшелерінің (Қазақстанда тыйым салынған) кездесуі өтті.
Тараптар Ауғанстандағы гуманитарлық жағдайдың қиындап, қыстың жақындап келе жатқанына алаңдаушылық білдіріп, мәселені жан-жақты талқылады.
«Талибан» делегациясы еуропалық дипломаттарды саяси көзқарастар шеңберінен тысқары шығып, гуманитарлық бағытта қысым емес, қолдау көрсетуді сұрап, сәйкесінше аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге уәде ететіндерін айтты.
«Талибан» мәліметінше, Еуроодақ өкілдері ауған халқына көмек көрсетуді жалғастыра беретінін және Кабулдағы Еуроодақтың гуманитарлық миссиясы жалғасын табатынын мәлімдеген.
Кездесуден кейін Катар СІМ, «Талибан» және Еуроодақ делегациясының үшжақты форматтағы диалогі өткен.
Басып шығару