Қытайдағы коронавирус АҚШ-қа жетті, – деп жазады «РИА Новости».
Дереккөздің жазуынша, Вашингтон штатының тұрғыны коронавирустың жаңа түрін жұқтырған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты.
Washington Post мәліметіне сүйенсек, ол Қытайға барып келген.
Ол кезде денсаулық сақтау саласының қызметкерлері АҚШ-тың ірі әуежайларында медициналық тексеру жұмыстарын бастамаған.
Өткен жұмада АҚШ билігі әуежайда Қытайдан келген жолаушыларды тексеретінін хабарлады.
Бұдан бұрын вирустың Жапонияға жеткені айтылған болатын. Жапонияның Канага префектурасында тұратын қытайлық ер адам пневмонияның жаңа түріне шалдыққан.
Айта кетейік, коронавирус – 30-дан аса вирустан тұратын ауру. Адамзат тарихында алғаш рет 1965 жылы анықталған.
Бұл жағдайға қазақстандық санитарлық дәрігерлерде қатты алаңдап отыр. Билік инфекцияның алдын алу үшін вокзалдар мен әуежайларда бақылауды күшейтті.