Mazir
20 янв 17:05korilim:831 Sayasat / Qazaqstan

Қазақстаннан мал экспорттауға болмайды


Бұл өзгерістерге сәйкес , барлық малдың жасына, жынысына, түр-сипатына қарамастан экспорттауға толығымен тыйым салынады.

Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі малдың экспортын толығымен тоқтатты.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр елден 156 мың бас ірі қара экспортталған. Сонымен қатар, басым көпшілігі - 121,6 мың бас немесе 78% Өзбекстанға, тағы 14% - Арменияға жеткізілген.

Елден 264 мыңға жуық қой экспортталған болса, олардың жартысынан көбісі асыл тұқымды мал. Малдардың негізгі сатып алушы - Өзбекстан. Көрші мемлекетке 200 мыңнан астам қой (76%) експортталса. Ресей Федерациясы 21,5 мың бас (8,1%), Әзірбайжан - 18 мың (6,7%), Иран - шамамен 12 мың (4,5%) –ға жуық мал сатып алды.

Малды  жаппай экспорттау, ет өнімдерінің қымбаттауына алып келді. Сондай-ақ қалыптасқан жағдайдың әсерінен қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдары шикізат тапшылығына тап болды. Орташа алғанда, 2019 жылы кәсіп орындар әлеуетінің тек жартысын пайдаланған.  Басты себеп сойуға жарамды малдың жаппай шетелге сатылуы- дейді сарапшылар.


2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандықтан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында өңделген өнім экспортын 2,5 есе ұлғайту міндеті тұрғаны белгілі , сондықтан да агенттік қазіргі жағдайға қатысты шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Осыған байланысты бордақылау алаңдары мен ет өңдеу зауыттарының өтініштеріне сүйене отырып, ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінің 2019 жылғы 21 қазандағы «Ауылшаруашылық жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, олар бұған дейін тек асыл тұқымды малдардың экспортын уақытша шектеген болатын. Енді бұл өзгерістер барлық жастағы және жыныстық топтағы ірі қара малдың және ұсақ малдың экспортынна толығымен тыйым салады.

Тиісті құжаттың жобасы салалық сараптамалық ұйымдармен және облыс әкімдіктерімен келісілді, «Атамекен» АЭС-те бұл шешімге қарсылық танытпады, сонымен қатар сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда келісімін берді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жүргізілуде.


Осы бұйрыққа өзгертулер енгізу алдағы жылдары қазақстандық мал басын сақтауға және көбейтуге, отандық ет өңдеу зауыттарын сапалы шикізатпен толық тқамтуға, дайын өнімдерді шығару мен экспорттауды арттыруға мүмкіндік береді.

Басып шығару
Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15