Бұл өзгерістерге сәйкес , барлық малдың жасына, жынысына, түр-сипатына қарамастан экспорттауға толығымен тыйым салынады.
Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі малдың экспортын толығымен тоқтатты.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр елден 156 мың бас ірі қара экспортталған. Сонымен қатар, басым көпшілігі - 121,6 мың бас немесе 78% Өзбекстанға, тағы 14% - Арменияға жеткізілген.
Елден 264 мыңға жуық қой экспортталған болса, олардың жартысынан көбісі асыл тұқымды мал. Малдардың негізгі сатып алушы - Өзбекстан. Көрші мемлекетке 200 мыңнан астам қой (76%) експортталса. Ресей Федерациясы 21,5 мың бас (8,1%), Әзірбайжан - 18 мың (6,7%), Иран - шамамен 12 мың (4,5%) –ға жуық мал сатып алды.
Малды жаппай экспорттау, ет өнімдерінің қымбаттауына алып келді. Сондай-ақ қалыптасқан жағдайдың әсерінен қазақстандық ет өңдеу кәсіпорындары мен бордақылау алаңдары шикізат тапшылығына тап болды. Орташа алғанда, 2019 жылы кәсіп орындар әлеуетінің тек жартысын пайдаланған. Басты себеп сойуға жарамды малдың жаппай шетелге сатылуы- дейді сарапшылар.
2017-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатқандықтан, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің алдында өңделген өнім экспортын 2,5 есе ұлғайту міндеті тұрғаны белгілі , сондықтан да агенттік қазіргі жағдайға қатысты шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Осыған байланысты бордақылау алаңдары мен ет өңдеу зауыттарының өтініштеріне сүйене отырып, ауыл шаруашылығы және қаржы министрліктерінің 2019 жылғы 21 қазандағы «Ауылшаруашылық жануарларын экспорттаудың кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды, олар бұған дейін тек асыл тұқымды малдардың экспортын уақытша шектеген болатын. Енді бұл өзгерістер барлық жастағы және жыныстық топтағы ірі қара малдың және ұсақ малдың экспортынна толығымен тыйым салады.
Тиісті құжаттың жобасы салалық сараптамалық ұйымдармен және облыс әкімдіктерімен келісілді, «Атамекен» АЭС-те бұл шешімге қарсылық танытпады, сонымен қатар сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу жөніндегі ведомствоаралық комиссияда келісімін берді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдармен келісу жүргізілуде.
Осы бұйрыққа өзгертулер енгізу алдағы жылдары қазақстандық мал басын сақтауға және көбейтуге, отандық ет өңдеу зауыттарын сапалы шикізатпен толық тқамтуға, дайын өнімдерді шығару мен экспорттауды арттыруға мүмкіндік береді.