Mazir
31 мар 19:09korilim:561 Sayasat / Qazaqstan

Тіл тәрбиесі – тал бесіктен!

Кеңес Одағы кезінде ана тілімізде білім беретін балабақшалар мен мектептердің жаппай жабылып, орыс тілінде оқытатын ұйымдардың саны көбейгендіктен, қазақ тілінің қолданысы кенжелеп қалғаны рас.
Алайда, тәуелсіздік алған отыз жыл ішінде де ана тілін ұмытқан ұрпақтың саны азайған жоқ. Тіпті кей кезде бұл үрдіс тағы да кең етек алып келе жатқандай көрінеді.
Маңғыстау - республикадағы қазақ тілді өңірлердің бірі. Тұрғындардың 90 пайызы - қазақтар, 6 пайызы - орыстар, қалғандары - өзге ұлт өкілдері. Күнделікті қарым-қатынаста қазақ тілі кеңінен қолданылады.
327 балабақшаның 14-і ғана орыс тілінде тәрбиелеп, оқытады. Соған орай балабақшалардағы бүлдіршіндеріміздің дені    қазақша тәрбиеленуде (95%-ы). Тіпті өзге ұлт өкілдерінің 260 баласы осы қазақ балабақшаларына барып жүр. Орта білім беретін мектептерде де осыған ұқсас жағдай. 169 мектептің 5-еуі ғана орыс тілінде білім береді. Барлық оқушының 77 %-ы қазақ тілінде білім алуда. Әрине, бұл көрсеткіштер көңілге қонымды-ақ.
Соған қарамастан, өзге тілде сөйлеп, өз тілін түсінбейтін күйге түскен балалардың бары алаңдатады.
Қаладағы қазақ мектептері оқушыларының сыртқа шыға сала, өзара орыс тілінде сөйлесетіні қалыпты жағдайға айналғалы қашан.
Ең өкініштісі, сол - ауылдық жерлердің өзінде бесіктен енді белі шыққан балалардың ана тілінде емес, өзге тілде сөйлеп бастағаны.
 Ана тіліміздің мұндай қиын жағдайға түсуіне жаһанданудың ықпалы болумен қатар, ұлттық тәрбие іргесінің де сетінеуі себеп болып отырғанын жасыра алмаймыз.
Бұрын ана тілін бесік жырымен бойына сіңірген қазақ баласы бүгінде ғаламтордың «арқасында» өз тілін өгейсіп жатыр. 
Өйткені, YouTobe желісіндегі қазақ тілді мультфильмдер, аннимациялық фильмдер балалар үшін тартымсыз. Аудармасы сапасыз. Өкінішке қарай, олар орыс тіліндегі өнімдермен бәсекеге түсе алмай тұр.
Сондықтан балаларымыздың шетелдік мультфильмдерге қызығушылығы жоғары. Басқасын айтпай-ақ, ресейлік бір ғана әйгілі «Маша и медведь» мультсериалына қарсы тұрарлық өнім жоқ бізде.
Осының өзі де - балаларымыздың ана тілінің қасиетін сіңіріп, қадірін біліп өсуіне кедергі.
Ендігі жерде балалар мен жастарға арналған ана тіліміздегі отандық өнімдерді сапалы етіп шығарса деген тілегіміз бар.
Ең бастысы, есті ата-ана тамағымен қоса баласын ана тілінің уызына қандырып өсіру қажет. Әйтпесе, тіл майданында өзге тілге есеміз кете      береді.
 Жақында ғана өңірімізде өзім төрағалық ететін «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Маңғыстау облыстық филиалы өз қызметін бастады.
Қазақ тілі мен ұлттық құндылықтарымызды насихаттау үшін, алдағы уақытта аймақта 7 үлкен әлеуметтік жобаны жүзеге асыруды жоспарладық. Соның бірі - білім ордаларындағы тәрбиеленушілерге арналған «Тәрбие - тал бесіктен» жобасы.
 Әлеуметтік жоба ұрпақ тәрбиесі деп аталатын дарияға тамшыдай үлесін қосады деп үміттенеміз.
Аудандарымыз бен қалаларымызда филиалдың өкілдіктері де жұмыс жасайтын болады.
Осы орайда жұртшылықты, елді мекендердегі белсенді азаматтарды ұрпақ тәрбиесіндегі жұмысқа жанашырлықпен атсалысуға, бізбен бірге болуға шақырамын.

 «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Нұржігіт Нұрболатұлы
Басып шығару
cheap generic lasuna - himcolin order online buy cheap himcolin

order neurontin 600mg without prescription - order sulfasalazine azulfidine 500 mg canada

order benemid 500 mg - buy probenecid 500 mg for sale buy carbamazepine 400mg online

oral celecoxib - flavoxate over the counter cost indomethacin 75mg

buy mebeverine 135mg generic - buy generic mebeverine order pletal 100 mg

order diclofenac online cheap - buy aspirin 75 mg sale purchase aspirin generic

rumalaya sale - buy elavil 50mg for sale buy elavil generic

purchase mestinon generic - order imuran 50mg pill order imuran 25mg

Пікір қосу
Janalyqtar toptamasy
"Қорғансыздың күні"11:42«Кітап-Amanat» орталығы ашылды10:55«Кітап-Аманат» орталығы ашылды.10:45АТЫРАУДА «КІТАП-AMANAT» МӘДЕНИ-АҒАРТУ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ10:21«КІТАП-AMANAT» партиялық жоба аясында кітап орталығы ашылды10:14ШҚО-да алғаш рет бірегей кітап орталығы ашылды09:57«Кітап-Аманат» жобасы Шымкентте жалғасты09:52"Мемлекеттік тіл және БАҚ - 2023" байқауының жеңімпаздары анықталды11:55БОЛАТ НАЗАРБАЕВ ҚАЙТЫС БОЛДЫ11:19«ҚАЗАҚША МӘЗІР» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ11:52Көк Туға – Құрмет!15:37«Кітап-Аманат» дүкенінде белгілі ақын, Алмас Ахметбекұлы кітаптарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.13:19Халықаралық семинар16:39Кеше, Жамбыл атындағы кітапханада белгілі қаламгер, күйші Таласбек Әсемқұловтың 8 томдық жинағының кезекті 6-8 томдарының тұсаукесер рәсімі болып өтті.20:35қателік10:23"Бір тойым..."10:17Абзал Құспан тик ток паракшасынан алынды16:31ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНІҢ МЕРЕЙІ АСҚАҚ19:24ҚҰДІЕТТІ ОТ МАҒЖАН ЖЫРЛАРЫ «МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН» АКЦИЯСЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ18:44«Анасының артынан баласы мен қыздары секіре берген»: Сырдария өзеніндегі қайғылы оқиға туралы куәгерлер айтып берді09:10Қырғызстанда 2027 жылдан бастап пластик пакетке тыйым салынады12:41«Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел...»12:311 440 000 ТЕҢГЕ16:48«Азия Дауысы» арма екен?!16:38ТОҒЖАНОВ деген КІМ?15:45Нағыз қазақ – Домбыра!22:30Биыл «Динамо» спорт қоғамына 100 жыл17:36Жаңажол кен орнындағы өрт 14 сағатта сөндірілді10:06Проблемалық несиесі бар адамдарға жаңа кредит берілмейді11:13Ірі мұнай-газ компаниясы арзан бағада жекеменшікке сатылып кеткен11:15