Қазақ баспасөзінде тәуелсіздік алғалы бері уақытта күнтізбелік күн мен айды жазуда жаңылысу байқалып жүр. Ұмытпасақ, осы үрдіс «Алматы ақшамы» газетінен басталған сияқты. Содан басқа да газеттер осылай жаза бастады. Баспасөз құралдарынан барып осы жаңылыс жазу оқу орындарына жетті. Өйткені газеттегі сөз көпшілік үшін дұрыс, беделді сөз. Соның нәтижесінде мектептегі оқушылар, университеттегі студенттер, олардың ұстаздары дәптерлеріне де, тақтаға да : «Қыркүйектің бірінші жұлдызы» деп жазатын болды. Сөйте-сөйте ол тіпті заңдылық сияқты болып барады. Әлбетте, бұл жаңылыс үрдісті қабылдамағандар да баршылық.
Күнтізбеге байланысты зерделесек, «жұлдыз» ұғымы күнге емес, тек айға байланысты екені анық. Оның шығу тегіне барлау жасасақ, көне замандардан бері айлардың аттары және олардың ауысуы астрономиямен байланысты. Мысалы, қазір бәріміз зодиак шоқжұлдызындағы айлардың атын білеміз. Қазір жұрттың, нақтырақ айтсақ, қыз-келіншектердің көпшілігі қызығатын астрология осы жұлдызбен, яғни күнмен емес, аймен байланысты. Ендеше, біз жаңылыс үрдістен арылып «бәлен айдың бәлен жұлдызы» демеуіміз керек. Олай десек, «бәлен айдың бәлен айы» дегеніміз болып шығады. Осы орайда, Алаш қозғалысының үні болған, Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінің 1918 жылғы 22 наурызында жарық көрген Шәкәрім атамыздың «Қазақша ай аты жоқ» мақаласын жариялағанды жөн санадық. Ойлау мәдениеті мен жазу мәдениеті сабақтас ұғымдар. Ендеше, ойымыздағы қате ұғымдарды жөндеп дұрыс жазайық, ардақты ағайын!
Қазақша ай аты жоқБіздің ай аты деп жүргенiмiз жұлдыз аты. Жұлдызға қойған атты сол кездегі туған айға қоя саламыз да, оны ай аты деп ұғынамыз.
Сол ceбeптi кейде «бұл ай пәлен ай» деп таласамыз. Мысалы: декабрь жұлдызының 15-інде туған айды жартымыз каңтар, жартымыз ақпан дейміз.
Менің ойымша, біздің ecкi тұкымда (ecкi түрікте) ай аты болса керек. Бipaқ ол ecкi аттар не біржола ұмытылды, не жұлдыз аттарына араласып кетті-ау деймін.
Осы айтылған ecкi ай туралы білетіндерін ecкi құлақты кәриялар, оқымыстылар «Сарыарқаға» жазса екен. Ecкi түріктерде ай аты болмай қоймаса керек дегеніміз: олар 12 жұлдызға ат қойып, бip жасап, 12 жылға ат қойып, бip жыл мүшел жасап, 5 мүшелге 5 түрлі ат қойып, алпыс жылдық бip айналыс жасап отырған түрік жаңа ай, ecкi ай, толған ай деп отырған түрік нағылып айды ескеpyciз қалдырсын.
Енді келейік жұлдыз атына: біздің қазақтың әр жерінде жұлдыз аты әр түрлі. Мысалы, 1916 жылғы 173 нөмер «Қазақ» газетінде ардақты Хасенғали Байеке молдадан жазып алған ай (жұлдыз) атын қараңыз: әз март отжақпас, көкек, шілде, сарша, қыркүйек, мизам, қараша, қазан, каңтар һәм ақпан. Енді біреуінің атын білмейді. Ал, біздің жақта көкек (март), мамыр, маусым, шілде, тамыз, мизам, қазан, қараша, желтоқсан, каңтар, ақпан һәм бірдің айы.
Көрдіңіз бе, атында қанша шатақ! Ретінде қанша шатақ! Және бұл екеуін естіген басқа түрлі ат қоюшы қазақтар мұны қандай таңырқар екен. Онан соң жоғарғы жұлдыз аттары бip қатары арабшадан алынғаны көpiнiп тұр. Мысалы, мизам, мамыр - мағмұр, маусым - мосом үшеуі де арабша. Мақалдағы «қараша, қауыс, кәрі-құртаңды тауыс» дегендегі қауыс; «сәуір болмай тәyip болмас» дегендегі сәyip арабша. Тағы сондайлар толып жатыр. Мақсұт – қазақша ай атын ескі түрікшесін іздеп таппақ. Ол табылмаса, амалсыз арабша ай атына халықты жаттықтыру керек деп білемін һәм жұлдыз атын тамам қазақ бip-aқ атпен ретін бұзбай атау керек деп ұғамын.
Автордың емлесі,стилі сақталды.Ербол ТЛЕШОВ
Басып шығару