Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы әлеуметтік төлемдерді индекстеуге 3 трлн теңгеден астам қаражат бөлінетіндігін айтты.
«Мемлекет шынымен мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетуі керек. Ең бастысы - әлеуметтік әділеттілік. Сондықтан біз мұқтаж адамдарды қолдауға үлкен көңіл бөлеміз», - деді Тоқаев «Nur Otan» съезінде.
Президент әлеуметтік саясатты жүргізу барысында қиын жағдайға тап болған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету шаралары күшейтілетіндігін айтты.
«Алдағы бес жылда әлеуметтік төлемдерді жыл сайын индекстеуге 3 триллион теңгеден астам қаражат бөлінеді. Зейнетақының мөлшері де жыл сайын индекстелетін болады. Сонымен бірге, біз мұны инфляция деңгейіне екі пайыз қосумен жүзеге асыруды ұсынамыз», - деп толықтырды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Басып шығару