Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Төтенше жағдайды мерзімінен бұрын тоқтату туралы Қарақалпақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің үндеуін назарға алып, сондай-ақ, Қарақалпақстан Республикасы аумағында қоғамдық тәртіп қалпына келтірілгенін және қабылданған шаралардың арқасында «Төтенше жағдай туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық заңының 11-бабына сәйкес азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқығы мен бостандықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді», - делінген хабарламада.
21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы төтенше жағдай мерзімінен бұрын тоқтатылды.
«Осы жарлық 2022 жылғы 21 шілдеде сағат 5:00-ден бастап қолданысқа енгізіледі және бұқаралық ақпарат құралдарында дереу жариялануы тиіс», - делінген президент сайтында.
Басып шығару