Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен елдің премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкасы туралы жарлыққа қол қойды.
"Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енді", - деп хабарлайды Жээнбековтың баспасөз қызметіндегілер.
Үкімет министрлер кабинетінің жаңа құрамы құрылғанға дейін өз міндеттерін атқара береді.
"Жарлыққа сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері лауазымдарын атқарған адамдар үкіметтің жаңа құрамы қалыптасқанға дейін бұрын атқарған қызметтеріндегі міндеттерін орындауды жалғастырады", - деп атап өтті.
Басып шығару