Қытай халқының саны 2020 жылы 0,83 пайызға өсіп, 1,41 миллиард адамды құрады. 2010 жылмен салыстырғанда халық саны 72 миллионға артқан. Бұған ҚХР Мемлекеттік статистикалық басқармасының сайтындағы деректер дәлел.
Санақ бойынша Қытайда шамамен 723,34 миллион ер адам және 688,44 миллион әйел тұрады. Халықтың шамамен 63,35 пайызы 15 пен 59 жас аралығындағы адамдар, 18,7 пайызы 60 жастан асқан адамдар, 17,95 пайызы 14 жасқа толмаған жасөспірімдер.
ҚХР тарихындағы жетінші халық санағы 2020 жылдың 1 қарашасынан 10 желтоқсанына дейін өтті.
Сурет: tj.sputniknews.ru
Басып шығару