Үндістанда өткен жылдың желтоқсан айында анықталған коронавирустың жаңа штамы өзгелерге қарағанда қауіпті болуы мүмкін. Телеарна мәліметінше, Дүниежүзілік Денсаулқы сақтау ұйымы осыған байланысты алаңдаушылық танытуда.
Мамандардың айтуынша, қазір бұл штамның мутацияға ұшырауы да байқалып жатыр. Сонымен қатар Ұйым өкілдері қауіпті вирустың Үндістаннан бөлек Азия мен Солтүстік Америкада жылдам тарап бара жатқанын ескертіп отыр.
Айта кетейік, бүгінде коронавирус Үндістанның өзінде де дес бермей тұр. Өткен бір күннің ішінде 217 мыңнан астам адам ковид жұқтырып, 1 мың 185 науқас осы дерттен көз жұмды. Мұндай тәуліктік көрсеткіш бұрын соңды тіркелмеген еді.
Фото: indianochka.ru
Басып шығару