Конго Демократиялық республикасында Эболаға қарсы вакцинация басталды. Бірінші болып вакцина Эбола жұқтырған алғашқы науқас жатқызылған медициналық орталық қызметкерлеріне салынды.
«Эболаға қарсы вакцинация кампаниясы Конго Демократиялық республикасындағы Бутембода басталды», - делінген орталықтың Twitter желісіндегі парақшасында.
ДДҰ мәліметінше, жұма күні қалаға Эболаға қарсы 1,2 доза вакцина мен вакцинацияға қажет жабдықтар әкелінген.
Басып шығару