Джо Байденге тікелей эфирде коронавирусқа қарсы екпе салынды. Вакцинаны Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған. Екпе дүйсенбіде Ньюарк қаласындағы (Делавэр штаты) ChristianaCare ауруханасында жасалған. Бұл туралы CNN телеарнасының сюжетінде айтылды. Байден америкалықтарға вакцинаның қауіпсіз екенін айтты.
«Мен мұны вакцина әзір болған кезде адамдар салғызуға дайын болуы үшін жария түрде көрсетіп жатырмын. Уайымдайтын себеп жоқ. Мен екінші екпені асыға күтемін», - деді ол.