«Жалған ақпарат таратты» деген желеумен айыпталған Телеграм-арналардың иесі камера алдында кешірім сұрады. Видео Беларусь Республикасының Ішкі істер министрлігінің YouTube арнасында жарияланды.
Видеода 1992 жылы туған азамат «Хата Белсата», «Денсиовская 6», «Серый кот» арналарының админстраторы болғанын айтып, билікке қарсы «жалған ақпарат таратқанына» өкінетінін жеткізді.
ІІМ мәліметіне сүйенсек, ұсталған азамат Минск қаласында тұратын жұмыссыз екен. Ол жедел әрекет ету тобының қызметкерлеріне тексеріс барысында кедергілер келтірген.
Беларусь Тергеу комитеті Польша билігіне NEXTA Телеграм-арнасының негізін қалаушы Степан Путило мен Роман Протасевичті экстрадициялауға сұраныс жіберген.
Елде алты айдан бері президент Александр Лукашенконың отставкасын талап еткен көпшіліктің митингі жалғасып жатыр.
Басып шығару