Ресей билігі заңсыз деген митингіде сарбаздармен төбелескен 21 жастағы шешен жігіті Сайд-Мухаммед Джумаев екі айға қамалды.
"Наразылық акцияларында полициямен төбелескен Сайд-Мухаммад Джумаев екі айға қамауға алынды. Бұған дейін ол Псков облысында ұсталып, Мәскеуге жеткізілді. Ол қызметкерлерге шабуыл жасағанын мойындады. Джумаев жасақтың екі сарбазын ұрды деп айыпталды, сот оны Қылмыстық кодекстің 318-бабы "Билік өкіліне қатысты зорлық-зомбылық қолдану" бойынша қамауға алды", - делінген хабарламада.
Басып шығару