Вашингтондағы АҚШ Конгресі ғимаратының жанында Дональд Трамптың жақтастарының қатысуымен болған қақтығыс нәтижесінде төрт адам қаза тапты.
Бұған дейін полиция наразылық акциясына қатысушылардың бірі көз жұмғанын хабарлаған. Одан бөлек медициналық мекемелерде тағы үш адамның қайтыс болғаны расталды. Тәртіпсіздіктерге байланысты 52 адам ұсталған.
Қайтыс болған Эшли Бэббит АҚШ әскери-әуе күштерінің ардагері және Дональд Трамптың сенімді жақтаушысы болған.
Конгресстегі президенттік дебат кезінде Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге шабуыл жасады. Конгресмендер ғимараттан шығарылып, Вашингтонда коменданттық сағат енгізілді. Бірнеше сағаттан кейін бүлік басылды, конгресс жиналысты жалғастырды.
Басып шығару