АҚШ-тың Гавай аралдарында қауіп-қатердің жоғары деңгейі жарияланды.
Бұған себеп - Килауэа жанартауының оянуы. Жер сілкінісі болып, зілзала қуаты 4,4 балдан асқан. Билік маңайдағы тұрғындарға шұғыл қауіпсіз жаққа көшуді ескертті.
Еске салайық, бұл жанартау соңғы рет 2018 жылы атқылап, 700-ден астам үйді жойып жіберген.
Басып шығару