Армения премьер-министрі Никол Пашинян армяндарды басып алынған Қарабақтың аумағынан тезірек кетуге және Армения аумағына көшуге шақырды.
«Ең алдымен, қауіпсіздігіңіздің жауапкершілігін басшылыққа ала отырып, мен өздеріңіз тұратын қалалар мен ауылдардан тез арада кетіп, Армения аумағына көшуді ұсынамын», - деді Пашинян үндеуінде.
Еске салайық, 27 қыркүйек күні сағат 06:00 шамасында Армения қарулы күштері ауқымды арандатушылықтарды жүзеге асыра отырып, Әзірбайжан армиясының барлық майдан шебі бойындағы позицияларын және майдан аймағында орналасқан әзірбайжан елді мекендерін ірі калибрлі қару-жарақпен, минометтермен және әртүрлі калибрлі артиллериялық қондырғылармен аткылады.
Тертер аймағындағы Гапанлы кенті, Агдам ауданының Гервендтегі Чираглы және Орта ауылдары, Физули ауданындағы Алханлы және Шукурбейли ауылдары мен Джебраиль аймағындағы Джоджуг Марджанли селосындағы бейбіт тұрғындарының арасында қаза тауып, жараланғандар бар.
Басып шығару