Жаңа Зеландияда жанартау атқылауынан зардап шеккендер бар. Қазіргі уақытта қайғылы оқиға құрбандарының саны 15 адамға жетті, тағы 2 адам хабар-ошарсыз кетті деп хабарланды. Айтк кетелік апаттан зардап шеккендер арасында еліміздің азаматтары жоқ, көрші қытай елінен екі азаммат бар. Табиғи апат 9 желтоқсанда Уайт аралында болды. Ол кезде аралда 47 адам болған - Австралия, АҚШ, Жаңа Зеландия, Германия және басқа мемлекеттерден келген туристер. 16 желтоқсанда қаза болғандарды еске алу үшін елде бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Басып шығару