Қырғызстанның экс-президенті Сооронбай Жээнбеков парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде халқынан кешірім сұрады.
Парламенттің кезектен тыс отырысы кезінде Сооронбай Жээнбеков сөз сөйледі. Ол халқынан кешірім сұрап, өзімен жұмыс істегендердің барлығына алғысын айтты.
"Менің алдымда көптеген тапсырма тұрды. Атап айтсақ, Қырғызстан - Қытай арасындағы темір жол құрылысы. Біз осы бағытта жұмыс істедік, жоба іске аса бастады. Бұл жоба бізге ауадай қажет және мен жобаның соңына дейін іске асқанын қалаймын. Мен халықтан кешірім сұраймын", - деді Сооронбай Жээнбеков.
Сонымен бірге ол Қырғызстандағы қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтануына үлес қосқан серіктес елдердің үкіметіне алғысын айтты. Жээнбеков Ресейдің, АҚШ, Ұлыбритания мен түркі тілдес елдердің қолдауын атап өтті. Бұрынғы президенттің сөзінше, ол елді құқықтық қалыпқа келтіру үшін бар күш-жігерін салған.
Басып шығару