Қырғызстан премьер-министрі Садыр Жапаров Президенттің өкілеттігін алғандығын мәлімдеді.
Министрлер кабинетінің басшысы наразылық білдірушілердің алдына шығып, өзінің Қырғызстан президентінің уақытша міндетін атқарушы екенін мәлімдеді.
"Құрметтілерім, мен сіздерді ортақ жеңіспен құттықтаймын. Бүгін бәрі өз орнына келді. Экс-президент отставкаға кетті, парламент спикері Қанат Исаев өз міндеттерін орындауға келіскен жоқ. Енді президент пен премьер-министрдің міндеттері маған өтті. Мен сенімдеріңіз үшін алғыс айтамын", - деді Садыр Жапаров.
Оның айтуынша, ұлттық парламенттің спикері Қанат Исаев Сооронбай Жээнбеков отставкаға кеткеннен кейін президент ретінде жұмыс істеуден бас тартқан.
Басып шығару