Германия мен оның НАТО-дағы серіктестері ядролық соғыс түріндегі жасырын жаттығу өткізді. Бұл Bild басылымына белгілі болды.
Жаттығулар Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы Нерфених авиабазасында Германия әуе күштері мен НАТО-дағы одақтастарының қатысуымен өткізілген. Ядролық қаруды тасымалдауға қабілетті истребитель-бомбалаушылар тартылған. Жаттығулардың басты мақсаты Германияны атом бомбаларын қолдана отырып қорғаныс жасау.
Мақалада қазіргі кездегі ядролық соғыстың басталу қаупі соңғы үш онжылдықтағыдан әлдеқайда жоғары деген пікір айтылады. Мұның басты себебі, материал авторларының пікірінше, АҚШ-тың аралық және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімнен шығуы.
Басып шығару