Ким Чен Ын: Ядролық қару бейбітшілікке кепілдік береді

  • 28 июл, 17:16
  • Көрілім: 353


Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын еліне бұдан былай соғыс қаупі тумайтынын айтты, өйткені ядролық қару елінің қауіпсіздігі мен болашағына кепілдік береді.

Ким Чен Ын 27 шілдеде 1950-1953 жж. Корея соғысының аяқталғанына 67 жыл толуына орай ардагерлер қабылдауында осылай мәлімдеді.

 Еліміз жаңа қарулы қақтығыстың алдын алу үшін «абсолютті күш»  ядролық қаруды жасап шығарды, деді Ким Чен Ын өз сөзінде. Ол ядролық бағдарламаның қорғаныс сипатын ерекше атап өтті.

"Біз енді елімізді империалистік және дұшпандық күштердің жоғары қысымы мен әскери қауіп-қатерлер аясында қорғай аламыз. Сенімді және тиімді  ядролық қарудың арқысында соғыс болмайды. Біздің еліміздің қауіпсіздігі мен болашағы мәңгіге сенімді түрде қамтамасыз етіледі", - деді ол.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру