Түркия мен Әзірбайжан бірлескен әскери жаттығулар өткізіп жатыр

  • 30 июл, 17:09
  • Көрілім: 48

Екі елдің әуе күштерінің тактикалық ұшу жаттығулары 10 тамызға дейін Баку, Нахчыван, Гяндже, Кюрдамир және Евлах қалаларында өтеді. 1-5 тамыз аралығында Бакуде және Нахчыванда жер үсті жаттығулары өтеді, яғни, артиллерия, бронетранспортерлер мен минометтер модельделген нысандарға атылады. Әскери бөлім жаттығулардың «жылдық жоспарға сәйкес» өтіп жатқанын мәлімдеді.

Ердоған мен түрік армиясы Армениямен қақтығыста Әзірбайжанды қолдайтындарын айтқан болатын.

Естеріңізге сала кетейік, 12 шілдеден бастап Армения мен Әзірбайжан шекарасында қарулы қақтығыстар жүріп жатыр. 

Бүгінде Армения мен Әзірбайжан арасындағы шекара маңында болып жатқан қақтығыс туралы ақпарат күн сайын дерлік түсіп жатыр. Қазақстан Әзірбайжан Республикасы мен Армения Республикасын ұстамдылық танытуға және даулы мәселелерді шешу үшін күш қолданудан бас тартуға шақырды.
Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру