Беларусь Президенті Александр Лукашенко Минск трактор зауытының ұжымымен әңгімелесу барысында елде президенттік сайлау жаңа конституция қабылданғаннан кейін өткізілуі мүмкін деді.
«Былай болады, жігіттер. Біз сіздер қалағандай, тіпті ешкім қарсы болмайтын жаңа конституция қабылдауымыз керек. Ол референдумда қабылдануы керек, өйткені біз бұрынғы конституцияны референдумда қабылдадық. Содан кейін қаласаңыздар, жаңа конституция бойынша парламенттің, президенттің және жергілікті билік органдарына сайлау өткіземіз», - деді Лукашенко.
9 тамыздан бастап президент сайлауының нәтижелеріне байланысты жаппай наразылықтар әлі де басылған жоқ. Ресми мәлімет бойынша, Лукашенко 80 пайыздан астам дауыс жинаса, ал оның қарсыласы Светлана Тихановская 10 пайыздан сәл ғана көп дауыс жинаған.
Оппозиция сайлауда Лукашенко емес Тихановская жеңді деп санайды. Адамдар дауыстарды қайта санауды және жаңа президент сайлауын тағайындауды талап етуде.
Басып шығару