Беларусь Президенті Александр Лукашенко Владимир Путиннің Беларуссияға ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмек беретіндігі туралы келіскенін айтты.
Лукашенко бұл елдің Ресей Федерациясымен одақтас мемлекет және ҰҚШҰ аясында келісімі бар екенін еске салды.
"Бұл келісімдерге сәйкес келетін сәттер. Сондықтан бүгін Ресей Президентімен жағдай туралы ұзақ және егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді. Айтуым керек, мен тіпті таңқалдым - болып жатқан жағдайға мүлдем сенбеймін", - деді Лукашенко.
Беларусь Президенті НАТО-ның әскери жаттығулары өтіп жатқан Польша мен Литвада «қарулы құрамның» құрылғанын атап өтті.
9 тамызда халықтың президент сайлауының нәтижесіне наразылығына байланысты шерулер басталды. Минск қаласының орталығында тәртіп сақшыларымен түрлі қақтығыстар орын алды.
Басып шығару