6-11 тамыз күндері түсірілген спутниктік суреттерде Солтүстік Кореядағы жақында болған су тасқыны елдің негізгі ядролық қондырғысына байланысты сорғы станцияларын зақымдаған болуы мүмкін.
«Станциялардағы құбырлардың зақымдануы реакторларға үлкен қауіп төндіреді» делінген хабарламада.
Йонбендегі негізгі уран өндіретін зауытқа зақым келмегені айтылған. Ал 11 тамыздағы талдау бойынша «су аздап қалпына келген сияқты».
Естеріңізге сала кетейік, ұзақ уақытқа созылған жаңбыр су тасқыны тудырды, бұл Солтүстік пен Оңтүстік Кореяда адам өміріне үлкен қауіп әкелді.
Басып шығару