Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері - Қазақстанның Таяу Шығыстағы ең жақын серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
Қазақстан Президенті Абу-Даби Әмірлігінің билеуші отбасының өкілі, БАӘ-дегі ең ірі кәсіпкерлердің бірі, «Etihad Towers» көпфункционалды кешенінің иесі, «Бірінші Абу-Даби Банкінің» акционері Сурур бин Мұхаммед Аль Нахаянмен кездесті.
Мемлекет басшысы Біріккен Араб Әмірліктері Қазақстанның Таяу Шығыстағы ең жақын серіктестерінің бірі болып табылатындығын және Абу-Дабидің мұрагер ханзадасы шейх Мұхаммед бен Заид Аль Нахаянмен келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өтті.
Шейх Сурур бин Мухаммад Аль Нахаян Қазақстан Президентіне оның компаниясы "West Hydrocarbons Commercial Investment LLC" Батыс Қазақстан облысында мұнай өңдеу зауытын салып жатқандығын айтты. Кәсіпкердің айтуынша, ол біздің елмен бірге жұмыс істеуді жалғастырып, жаңа жобаларға қаржы салуға ниетті.
Басып шығару