2021 жылы азаматтары Қазақстанға визасыз кіре алатын елдердің тізімін 90-ға дейін көбейту жоспарланып отыр. Бұл туралы мәдениет және спорт министрің орынбасары Ғабидулла Әбдірахымов айтты.
Сонымен қатар, ведомство айналысып жатқан тағы бірнеше жобалар жайында айтылды. Бірінші - шетелдіктер үшін визасыз кіру. Екіншісі E-Qonaq жүйесімен байланысты жоба, соның арқасында шетелдіктерге тіркелу үшін ауыр процестен өтудің қажеті жоқ.
«Сондай-ақ, біз қазірдің өзінде пилоттық режимде 160 қонақүйде жүйені енгізуді аяқтадық. Осы жүйенің арқасында кез келген шетелдік турист бөлек тіркелудің қажеті жоқ. Шетелдік азамат қонақүйге кірген кезде автоматты түрде өтіп қояды», - деді спикер Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында.
Бүгінде 105 мемлекеттің азаматтары үшін Қазақстанға электронды визалар енгізілген.
«30 күнге дейінгі мерзімге келген кезде шетелдіктерді тіркеу тоқтатылды және көші-қон карточкалары да жойылды. Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту басталды. Сондай-ақ, біз шетелдік әуекомпаниялардың еліміздің 11 қаласына ұшып келіп, жолаушыларды алып кетуі үшін оларды іске қосуды бастадық (Open Sky режимі)», - деп еске салды Әбдірахымов.