ДДСҰ сарапшылар тобының жетекшісі Қытайда кешігіп жарияланған эпидемия туралы деректерді жария етті. ДДСҰ миссиясының жетекші зерттеушісі Питер Бен Эмбарек Уханда 2019 жылдың желтоқсанында вирустың оннан аса штамы анықталғанын айтты.
«Вирус желтоқсанда Ухан бойынша кеңінен таралды, бұл жаңалық болды», - деді сарапшы. Ол Қытай тарапы 8 желтоқсанда вирус жұқтырған адаммен сөйлесуге мүмкіндік бергенін айтты.
Питердің айтуынша, ДДҰ мамандары ұсынылған COVID-19 үлгілерін мұқият зерттеген. Атап айтқанда, желтоқсанда Уханда кем дегенде 13 түрлі мутация бары анықталды.
«Олардың кейбірі жергілікті базарларда тарала бастады, ал кейбірінің базармен мүлде байланысы жоқ», - деді Эмбарек.
Қытай ғалымдары сарапшылар тобына 2019 жылдың желтоқсанында Уханда тіркелген коронавирус инфекциясының 174 жағдайы туралы мәлімет берген. Оның ішінде 100 жағдай зертханалық зерттеулермен расталған, тағы 74-і симптомдарға негізделген клиникалық диагноз.
Басып шығару