Украиналық вирусолог Вадим Аристов COVID-19-дан сенімді қорғайтын құралды атады. Бұл туралы дәрігер "Украина 24" телеарнасының тікелей эфирінде айтты.
Аристовтың айтуынша, респираторлар коронавирустан қорғауда тиімдірек және қазір бұл құрал қолжетімді.
"Әңгіме маскалар туралы емес, респираторлар туралы болуы керек. Қазір тыныс жолдарының инфекциясынан дұрыс қорғану керек", - деді дәрігер.
Оның айтуынша, респираторлар қарапайым медициналық маскаларға қарағанда коронавирустан 12 есе жақсы қорғайды.
"Респираторлар медициналық маскаларға қарағанда 8-12 есе жақсы қорғайтыны белгілі. Өйткені олар тығыз орналасады, толық контур жасайды және вирус қалың қорғаныш арқылы сүзіледі. Маскалар тек вирустың алдыңғы жақтан келуінен қорғайды, ал оның үсті, екі жағы ашық", - деп түсіндірді Вадим Аристов.
Басып шығару