Америкалық Pfizer фармацевтикалық компаниясы биыл коронавирусқа қарсы вакцина сатудан түсетін табысы 15 миллиард долларға жетеді деп жоспарлап отыр.
Жыл соңына дейін өндіруші әлем елдеріне екпенің 2 миллиард дозасын жеткізуге ниетті. Қаңтардың қорытындысы бойынша ол түрлі мемлекеттерді препараттың 94 миллион дозасымен қамтамасыз еткен.
Америкалық Pfizer немістің BioNTech компаниясымен бірге вакцина жасап шығарған. Бұған дейін ортақ екпені Еуроодақ елдеріне жеткізуге қатысты қиындықтар туындады. Бірақ бірер күн бұрын өндірушілер препарат келісілген мерзімде жеткізіледі деп уәде берді.
Басып шығару