Американдық Moderna биотехнологиялық компаниясы COVID-19 вакцинасының бағасын 50-60 долларға белгілеуге ниетті.
"Бұл компания АҚШ пен «кірісі жоғары» басқа елдер үшін белгіленетін баға", - деп жазады FT. Басылымның айтуынша, Modern вакцинасы Pfizer және BioNTech-тен жоғары болғандықтан, баға өзгеруі мүмкін. Өткен аптада компания АҚШ билігімен коронавирустық вакцинаның 600 миллионға дейін дозасын сатуға келісім жасаған.
Нидерландыға, Германияға, Францияға және Италияға вакцинаны жеткізуге келіскен «AstraZeneca» британдық-шведтік компаниясы бағаны 3-4 долларға белгіледі.
Бұған дейін Modern американдық биотехнологиялық компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық зерттеудің үшінші кезеңін бастағаны туралы хабарланған болатын. Компанияның вакциналар жобасын АҚШ федералды үкіметі қолдады.
Басып шығару