Ирак соты АҚШ президенті Дональд Трампты америкалық әскери-әуе күштерінің шабуылы салдарынан Ирактың "Аль-Хашд аш-Шааби" атты шейіттер жасағы басшысының орынбасары Әбу Махди әл-Мухандистің қазасына қатысты іс бойынша қамауға алу туралы шешім шығарды.
Ирактың Қылмыстық кодексінің 406-бабына сәйкес алдын ала тергеу нәтижелері негізінде Трампты қамауға алу туралы ордер берді. Бұл "қасақана кісі өлтіру" бабы үшін ең ауыр жаза – өлім жазасы қарастырылған.
Бағдад әуежайы маңында АҚШ-тың әуе шабуылының салдарынан әл-Мухандис пен Ислам революциясы Сақшылар корпусының "Әл-Кудс" күштерінің қолбасшысы генерал Касем Сулеймани өлтірілген.
Иран АҚШ-тың бұл шабуылына жауап ретінде 8 қаңтарға қараған түні Ирактағы АҚШ әскери күштерінің қолданысындағы екі нысанға - Айн-эль-Асад базасы мен Эрбиль әуежайына зымыранмен соққы жасады.
Басып шығару