Бағдаттың солтүстігінде орналасқан, АҚШ-тың әскерилері қолданатын «Эт-Таджи» әскери базасына зымыранмен соққы жасалды. Бұл ақпаратты Ирак әскері растады.
Соққы 14-қаңтар күні жасалған. Дереккөздердің мәліметінше, әскери базаға қарай бес зымыран қатар жіберілген. Әзірге қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.
Ирак әскері соққының бір мезетте жасалғанын айтады. Бірақ бұл қастандықты әзірге ешкім мойынына алмады.
12-қаңтар күні де «Балад» базасына соққы жасалып, төрт адам жарақаттанған. Зардап шеккендердің арасында америкалықтар болмаған.
Басып шығару