Қазіргі уақытта ел бойынша 22 710 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның 288-інің жағдайы ауыр. Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлайды.
4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 710 адам короновирус инфекциясынан (10 533 КВИ+ және 12 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 288 адамның жағдайы ауыр; 49 пациенттің жағдайы өте ауыр; 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Дереккөз: 24.kz