Шешенстан Республикасының басшысы Рамзан Кадыров өзінің Телеграм-арнасында күллі мұсылман қауыма аудиоүндеу жолдады. Ол барша мұсылмандарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.
Дегенмен, құттықтаудағы Грозный қаласының суретінен Кадыровты байқай алмадық.
21-мамыр күні Кадыровтың коронавирус жұқтыруы мүмкін екені туралы ақпарат тараған. Бірақ артынша «Ахмат» футбол клубының директоры Ахмед Айдамиров бұл ақпаратты жоққа шығарып, ел басшысының денсаулығы қалыпты екенін жеткізген.
Кеше Кадыровтың коронавирус жұқтырғаны расталды. Инфекция оның өкпесінің 70 пайызын шарпыған. Бұл – коронавирустың асқынған және ауыр өтетін деңгейі.
Кадыровтың баспасөз қызметі әлі де нақты ақпарат берген жоқ. Дегенмен, басшылық аппаратында жұмыс істейтіндер Кадыровтың жұмыста екенін, штаб қызметін тікелей бақылап отырғанын айтты.
Ал Кадыровтың кеңесшісі Адам Делимханов әлеуметтік желідегі парақшасында ел басшысының денсаулығы үшін дұға жасауды сұрап, жақсы тілектер айтты.
Ал Кадыров өзінің үндеуінде мұсылмандарға жақсы тілектер айтып, әрбір ісі сауаптан болуға тілек білдірді. Сондай-ақ, ол мұсылмандарды коронавирус инфекциясы кезінде сабырлы болуға шақырғанн.
Басып шығару