Қытай билігі SARS-CoV-2 коронавирусының шығуына байланысты зерттеулерді бақылауда ұстап отыр. Бұл туралы Ассошиэйтед Пресс (AP) агенттігінің тергеуінде айтылған.
Агенттік мәліметінше, тергеу ғалымдар мен шенеуніктердің сұхбаты, электрон хаттар, ішкі және жария құжаттарға негізделіп жасалған.
"Коронавирус жұқтырған алғашқы адам туралы ақпарат тарағаннан кейін AP тергеуі қытайлық билік оның шығуы туралы барлық зерттеуді бақылауда ұстап отырғанын, олардың кейбіреуі Қытайдан тыс жерде пайда болуы мүмкін деген балама теорияларды белсенді түрде таратқанын анықтаған", - делінген агенттік хабарламасында.
Коронавирустың пайда болуын зерттеумен айналысатын Қытайдың ғылым және технологиялар министрлігі мен ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы агенттік журналистеріне түсініктеме бермеген. ҚХР СІМ AP сұрауына жауап ретінде коронавирус әлемнің көптеген елінде анықталғанын, ал проблемаларды зерттеумен "жаһандық деңгейде" айналысу керек екенін айтқан.
Басып шығару