Месси Пеленің рекордын қайталады

  • 20 дек, 11:31
  • Көрілім: 335

«Барселонаның» 33 жастағы шабуылшысы Лионель Месси аты аңызға айналған бразилиялық Пеленің рекордын қайталады.

Аргентиналық футболшы Испания чемпионатының ойынында Валенсия қақпасына гол соқты. Лионель Месси «Барселона» құрамында 643-ші голын соқты. Бұл гол каталондық клубтың ойыншысына ХХ ғасырдың үздік футболшысының ұзақ мерзімді рекордын қайталауға мүмкіндік берді.

Пеле әлі күнге дейін тарихтағы әлем чемпионатын үш рет жеңіп алған жалғыз ойыншы.  Бразилия құрамында 1958, 1962 және 1970 жылдары алтын медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз

Пікір қалдыру