«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси каталондық клубтан кетуге шешім қабылдады.
COPE ақпарат көзінің хабарлауынша, 33 жастағы форвард клуб басшылығына наразы және келісім-шартты 2021 жылдың маусымына дейін ұзартқысы келмейді.
Егер клуб басшылығында үлкен өзгерістер болса, Месси «Барселонада» қалуы мүмкін екендігі айтылған.
Бұған дейін «Интер» Мессиді 2021 жылы командаға алу жөнінде жұмыс жасап жатқанын және шабуылшыға 260 миллион еуроға төрт жылдық келісімшарт ұсынуға дайын екендігі туралы хабарлаған болатын.
Басып шығару