Бұған дейін «Намыс» патриоттық қауымдастығы АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулдығына «Борат-2» фильмінің шығуына қарсы петиция жіберген болатын. Америка Құрама Штаттарының үкіметі бұл филмьді қаржыландыруға, таратуға ешқашан қатысқан емес, деп жауап берді Бас консулдық.
«Бұл комедия, фильмдегі Қазақстанның нақты елмен ешқандай байланысы жоқ. Мен Қазақстанды таңдадым, өйткені бұл жер туралы АҚШ-та ешкім дерлік білмеді. Бұл бізге комедия түсіру үшін жабайы, жалған әлем құруға мүмкіндік берді. Нағыз Қазақстан - бұл заманауи ел , Борат нұсқасына қарама-қарсы әрі мақтан тұтатын қоғам», - деді Коэн.
Басып шығару