«Борат фильмі 2006 жылы шыққан. Басты рөлді британдық актер Саша Барон Коэн сомдайды. Фильмде ойдан шығарылған қазақ журналист Борат Сагдиевтің шытырман оқиғалары баяндалады.
Фильмде қазақтар туралы өрескел әзілдер көп кездеседі. Бұл Қазақстан халқының теріс реакциясын тудырды. Кезінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев Боратқа әзілмен қарау керек екенін атап өткен.
Қазақстан «Боратқа» қарсы фильм түсіруге де тырысты. Ол «Менің ағам - Борат» деп аталды. Алайда, Коэннің комедиясынан айырмашылығы, қазақстандық фильмде мұндай жетістік болған жоқ.
«Борат» комедиясының жалғасы қазақстандықтардың ашуын тудырды. Көпшілік фильмнің көрсетілуіне тыйым салуды сұрайды.
Бұл жолы басты кейіпкер коронавирустық пандемия кезінде Америка Құрама Штаттарына оралып, вирусты «өлтіруге» тырысады және АҚШ-тағы президенттік сайлауды көруге келеді (АҚШ президенті сайлауы 2020 жылы 3 қарашада өтеді).
Бораттың рөлін сомдаған британдық актер Саша Барон Коэн саяси тұрғыдан ерсі қылықтарымен танымал. Оның бұл фильмді жасырын түсіргені белгілі болды. Фильмде АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке адвокаты Руди Джулиани бар. Олар түсірілім кезінде комедия түсіріліп жатқанын білмей, полиция шақырған.
Шетелде тұратын көптеген қазақстандықтар расизмге тап болып, бұл фильмнің ойдан шығарылғандығын түсіндіруге мәжбүр болған. Әлеуметтік желілерде #CancelBorat, #WhereBoratLives, #StopBorat сияқты көптеген хештегтер пайда болды.
Кейбір қазақстандықтар әлеуметтік желілерде #WhereBoratLives хэштегін іске қосу арқылы «нағыз Қазақстанды» көрсетуге бел буды, олар Борат тұрады деген елдің шынайы табиғаты мен басқа да көрнекті жерлерін көрсеткен. Бұл хештегті көптеген туристік компаниялар, сондай-ақ қазақстандық жұлдыздар қолдады.
«Достарыңызды осы игі іс-әрекетке шақырыңыздар, бір-біріңізге репост жасаңыздар, біз Бораттың ақымақтығына агрессиямен емес, мейірімділікпен және әзілмен жауап береміз! Рахмет!», - деп жазды Instagram қолданушыларының бірі.
Борат қайдан шықты?
Борат - Саша Барон Коэнның белгілі төрт кейіпкерінің бірі. 4 кейіпкерінің ішінде ғаламдық деңгейде танымал болып, Коэнге 250 млн доллар пайда әкелген - Борат рөлі. Бір қызығы, дәл рсы рөлі үшін актер "Алтын глобус" сыйлығын алып, фильм сценарийі үшін "Оскар" сыйлығына ұсынылған.
Киноның нысанасы ретінде неге Қазақстан алынды?
Бұл сұраққа Роберт Сондерстың нұсқасы дұрыс жауап беретін секілді. Оның айтуынша, Коэн "сақтықта қорлық жоқ" деген ұстанымына берік. Барон өз нысанасын таңдар уақытында бірінші орынға қауіпсіздігін қояды. Ол ешқандай құқықтық немесе саяси қиындықтарға тап болмай келеді. Өз кезегінде әлемдік беделін ойлаған Қазақстан да оның таңдауына "жұмсақ" қарады.
2011-2012 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов былай деген: "Бұл картина жарыққа шыққалы Қазақстаннан берілген визалар саны он есе өсті. Бұл керемет жеңіс. Қазақстанға келетін туристер санын арттырғаны үшін Боратқа рақмет айтамын".
Басып шығару