Қазақстанда өлімге әкелетін пневмония туралы жаңалықтар Қытайда жарияланғаннан кейін қос тарап әңгімелесіп, қажетті түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп мәлімдеді сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев брифингте.
"Біз серіктестерімізбен, оның ішінде Қазақстандағы Қытай елшілігімен жұмыс жасаймыз. Осы жаңалық шыққаннан кейін бірден Денсаулық сақтау министрі мен Елшінің арасында телефон арқылы сөйлесу ұйымдастырылды. Бұл статистика қалай жүргізілетіндігі туралы қажетті түсіндірулер жүргізілді", - деді Ашықбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.
Брифингте келіссөздердің нәтижесінде қазақстандық және қытайлық тараптар эпидемияға қарсы іс-шараларды объективті ақпараттық қолдаудың маңыздылығын және Қазақстандағы пневмония туралы ақпарат көздерін еркін таратуға жол бермеу маңыздылығын атап өтті.
Осы келіссөз нәтижесінде Қытай елшілігі өз азаматтарына тарататын ақпаратқа тиісті түзетулер енгізді, деді вице-министр.
Басып шығару